Date of publication: 06.10.2023 16:28
Date of changing: 06.10.2023 16:29

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті (МКД) мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың (ТІЖ) болмауының 90-ға жуық фактісін анықтады.

МКД экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен шекарасында Павлодар облысының 5 автомобиль пунктінде тауарлар мен көлік құралдарының мониторингін жүзеге асырады.

Мониторинг барысында 2023 жылдың басынан бастап тасымалданатын жүкке ТІЖ болмауының 90-ға жуық фактісі анықталды, әкімшілік материалдар жасалды, олардың 50-ден астамы сотта қаралды.

ТІЖ ұсынбаған тұлғалар жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

МКД еске салады, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ұсынылуы қажет ТІЖ ресімдеу бойынша міндеттемелер енгізілді. ТІЖ ұсынылмаған немесе уақтылы ұсынылмаған жағдайда, жүк шекарада ұсталуы мүмкін, ал тасымалдаушы жауапқа тартылуы мүмкін. ТІЖ ресімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 281-1-бабында белгіленген әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы