Date of publication: 11.10.2023 10:11
Date of changing: 11.10.2023 10:13

Ағымдағы жылы активтер мен міндеттемелер туралы "кіріс" декларациясын (250.00-нысан) алғаш рет 87 мыңнан астам мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері (мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері және т.б.), сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынды. Бұл ретте декларациялардың 98%-ы электрондық түрде ұсынылды.

         2023 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынғаннан кейін, 2024 жылдан бастап жоғарыда аталған тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуға тиіс екендігіне назар аударамыз.

         Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі 2023 жылғы 15 қыркүйекте аяқталғанын еске саламыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы