Date of publication: 31.10.2023 17:34
Date of changing: 31.10.2023 17:35

3 наурыздан бастап соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 70 мың арыз түсті. 56,4 мың бойынша бас тартылды. Берешек сомасы 9 млрд. теңгеден асатын 6 411 азамат 6 айлық мониторингтен сәтті өтіп, ағымдағы күнге банкрот мәртебесін алды.

Банкроттардың ең көп саны Алматы облысына (801), Жамбыл облысына (677) және Алматы қаласына (606) тиесілі. Ең аз банкрот СҚО-да (114) және Ұлытау облысында (41).

Банкрот деп танылған 6 411 азаматтың 674 млн. теңге сомасындағы берешегі бар 645 азамат АӘК алушылары болып табылады.

Сондай-ақ 3 538 азамат (бұл барлық 6411 банкроттарының 50% - дан астамы) 5 жылдан астам төленбеген кредиттер бойынша банкрот деп танылды, олар бойынша 6,3 млрд. астам теңге есептен шығарылды.

Ең үлкен соманы Атырау қаласының тұрғыны көрсетті, арыз бойынша - 8 130 033 900 теңге, кредиттік бюро бойынша - 1 380 870,94 теңге. Ең аз соманы Қызылорда облысының тұрғыны көрсетті, арыз бойынша 1 383 теңге, кредиттік бюро бойынша - 1 184 733,05 теңге.

Азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға арыз берген кезде берешектің дұрыс емес сомаларын көрсетті, бұл ретте, кредиттік бюро мәліметтеріне сәйкес, бұл азаматтарда қаржы ұйымдары алдындағы борыш сомасы басқа.

Ең үлкен жастағы банкрот 79-да, ең жас банкрот 20 жаста, банкрот деп танылғандардың орташа жасы – 43.

Статистика бойынша банкрот еркектер әйелдерге қарағанда көбірек, 58%-ды құрайды.