Date of publication: 03.11.2023 17:16
Date of changing: 03.11.2023 17:17

Павлодар облысында 807 жеке кәсіпкер (ЖК) әрекетсіз деп танылды, оларға 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есептілігін (250.00-нысан) ұсыну міндеті жүктелетін болады.

 

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III-кезеңі енгізіледі, оның шеңберінде «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

 

Сондай-ақ, жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттеме 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әрекетсіз жеке кәсіпкерлерге де қатысты болады.

 

Әрекетсіз жеке кәсіпкер болып табылатындықты тексеру үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсына «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өту қажет.

 

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке кәсіпкерлердің әрекетсіздер тізімінде болуы туралы екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламаларды жолдауда.

       

250.00-нысанды декларацияны ұсыну жөніндегі талап қолданысқа енуіне дейін 58 күнтізбелік күн қалғанына назар аударамыз.

 

 

Павлодар облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы