Date of publication: 03.11.2023 17:19
Date of changing: 03.11.2023 17:20

         Казіргі уақытта әлеуметтік желілерде алаяқтар белсенділік танытып Каспи банктің мобильді қосымшасы арқылы жалған хабарламалар жіберіп салық міндеттемесін орындау туралы келесі мазмұндағы ақпарат таратылуда: «төлеу» қойындысымен «Салық берешегін төлеу үшін шот қойылды», қойындыны басқан кезде салық төлеушілердің банктік шоттарынан қаражат төлемдер растауынсыз ақша есептен шығарылады.

 

         Осыған байланысты, салық берешегі туралы хабарламалар алған кезде ақшалай қаражатты рұқсатсыз есептен шығаруды болдырмау үшін, салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді келесі ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы нақтылап тексеруді ұсынады:

 

         -  «Каспи банкі» АҚ («Барлық төлемдер» сервисінде → «Айыппұлдар және салықтар» → «Салықтар» → «Салық берешегін төлеу» → «Тексеру»);

         - «Халык банкі» («Барлық төлемдер» сервисінде → «салықтар, айыппұлдар, ХҚКО қызметтері» → «Салықтар» → «Салық берешегін төлеу (көлік, жер және мүлік)» → «Тексеру»);

         - «e-Salyq Azamat» («Электронды сервистер» қойындысы → «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі»→ «ЖСН-ды енгізу» → «Іздеу»).

         Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдер бұл әркімнің парызы және міндеті.

         Бұл ретте сақ болыңыздар, алаяқтарға алданып қалмаңыздар!