Date of publication: 03.11.2023 17:22
Date of changing: 03.11.2023 17:25

         Павлодарлықтар мүлік салығы бойынша бюджетке 100 миллион теңгеден астам қарыз.

         2023 жылғы 1 қазанда 2022 жылға салық міндеттемелері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу мерзімі аяқталды.

         Павлодар облысы бойынша 250 мыңға жуық салық төлеуші 2022 жылы мүлік салығы бойынша бюджетке 300 миллион теңгеден астам төлеуі тиіс болатын. Қазіргі уақытта өткен жылдардағы берешекті төлеуді ескере отырып, бюджетке 340 миллион теңгеден астам қаражат түсті.

         Сонымен қатар, бүгінгі таңда 60 мыңға жуық павлодарлықтың 100 миллион теңгеден астам берешегі бар.

         Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан көруге болады (kgd.gov.kz) "барлық сервистер" бөлімінің "берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электрондық сервисінде. Сондай-ақ, "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында және "Salyqbot" чат-ботында "электрондық қызметтер" бөлімінде, сондай-ақ банктік қосымшалар арқылы білуге болады.

         Анықтамалық ақпарат алу үшін бірыңғай байланыс орталығының – 1414 (3) тегін нөміріне немесе салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуға болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы басқармасы және Байланыс-орталығы