Date of publication: 03.11.2023 17:29
Date of changing: 03.11.2023 17:30

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 1-ші отырысының хаттамасына сәйкес экспорттаушыларда тауарға ілеспе жүкқұжаттары (ТІЖ) болуы қажет.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау үшін тауарларды Қырғыз Республикасына экспорттау кезінде қағаз жеткізгіште ТІЖ болуы қажет.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген хаттамада Қырғыз Республикасының аумағында ТІЖ болмаған жағдайда бақылау іс-шараларын жүргізу көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап ЕАЭО елдерінің өзара саудасында тауарларды өткізу кезінде ТІЖ-ді міндетті ресімдеу енгізілді.

Салық кодексінің 176-бабына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндеттеме тауарларды өткізу, өткізу және (немесе) тиеп-жөңелту басталғаннан кешіктірілмей туындайды.

Қосымша ақпарат алу үшін Павлодар облысы бойынша МКД ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасына 8 (7182) 32-22-41 телефоны бойынша немесе тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістердің аумақтық басқармаларына жүгінуге болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасы