Date of publication: 08.11.2023 18:56
Date of changing: 08.11.2023 18:56

Жалпыға бірдеу декларациялаудың III кезеңі 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады. Осы кезеңде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары, соның ішінде қызметін уақытша тоқтатқандар да өз активтерін декларациялайтын болады. 

 

Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша дұрыс декларациялау қажет. Болашақта бұл кірістерге салық салу кезінде ескерілетін болады. 

 

Құрметті салық төлеушелер, азаматтарға декларация толтырылғанға дейін Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын келесі сайттарға кіріп, дербес тексеруді ұсынамыз: 

 

1) бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz; 

 

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru; 

 

3) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz; 

 

4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu; 

 

Дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарыз шартының) болуы бойынша сұрау салуды Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға жіберу қажет.