Date of publication: 08.11.2023 18:58
Date of changing: 08.11.2023 18:59

2023 жылдың 1 қазанынан 15 қарашасына дейін салық төлеушілер 2023 жылдың қыркүйек айы және 3 тоқсаны үшін салық есептілігін ұсынуы тиіс. Төменде көрсетілген салық есептілігінің нысандарын ұсыну мерзімі 2023 жылдың 15 қарашасында аяқталды. 

 

2023 жылғы қыркүйек айы үшін: 

- 400.00 «Акциз бойынша декларация» 

- 421.00 «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі» 

2023 жылғы 2 тоқсан үшін: 

- 101.03 «Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп» 

- 101.04 «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп» 

- 200.00 «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» - - 300.00 «Қосылған құн салығы бойынша декларация» 

- 570.00 «Экспортқа рента салығы бойынша декларация» 

- 590.00 «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация» 

- 710.00 «Ойын бизнесі салығы бойынша декларация» 

- 860.00 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация» 

- 870.00 «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация» 

- 913.00 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация» 

 

Салық есептілігін бірнеше тәсілдермен ұсынуға болады: 

1) электронды түрде: 

- «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық есептілігі нысандары» / «Нысандар журналы» ); 

- «СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінде; 

- eGov.kz электрондық үкімет порталында. 

2) келу тәртібімен: 

- қағаз түрінде қызметті тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруға міндетті; 

3) пошта арқылы тапсырыс хатпен.