Date of publication: 08.11.2023 19:01
Date of changing: 08.11.2023 19:02

         Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Ержан Татарханов кездесуге қатысушыларды салық және кеден заңнамасындағы негізгі жаңалықтармен таныстырды.

         Диалог форматында арнайы салық режимі – бөлшек салық, бірыңғай төлем, жалпыға бірдей декларациялау, цифрлық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

         Кездесу барысында мемлекеттік кірістер Департаменттері мен "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

         Жасалған келісімнің басты мақсаты-кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру.

         Кездесу барысында өңірдің кәсіпкерлері өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және

Байланыс-орталығы басқармасы