Date of publication: 01.12.2023 14:52
Date of changing: 01.12.2023 14:57

         Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде қысқа үзілістен кейін жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша вебинарлар жаңартылды.

         2024 жылғы 1 қаңтарда Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары мен олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін басталатын жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі вебинардың басты тақырыбы болды.

         – Салық кодексінде жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселелері 71-тарауда регламенттелген. Декларациялау жүйесіне кірген кезде 250.00 нысанындағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы бастапқы (кіріс) декларация ұсынылады, кейіннен жыл сайын 270.00 нысанындағы кірістері мен мүлкі туралы декларация табыс етіледі. Жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңде енгізіледі. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялауға заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары мен олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары кіреді, – деп атап өтті Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығының басшысы Галина Бирюкова.

         Осындай вебинарлар апта сайын, сәрсенбі күні сағат 11.00-де өтеді. Zoom вебинарына мына сілтеме арқылы қосылуға болады: https://zoom.us/j/5714639970?pwd=VlpQbGErd0UwLzdFaEhUbWdncmhEQT09, конференция идентификаторы: 571 463 9970, кіру коды: 123456. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы