Date of publication: 07.12.2023 17:55
Date of changing: 07.12.2023 17:56

Мемлекеттік кірістер комитеті автомобиль өткізу пункттерінде "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, ол кезекті алдын ала брондауға және құжаттарды тексеру процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлап отырған тасымалдаушылар "CarGoRuqsat" қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауға тиіс.

Ол үшін сілтеме бойынша өту керек https://cgr.qoldau.kz/ru/start, "CarGoRuqsat" қосымшасына тіркелу және кіру, өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету, жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру.

Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу керек.

"CarGoRuqsat" жүйесі шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк автомашиналарының жиналуына жол бермеуге ықпал етеді, Мемлекеттік кіріс органдарына тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты режимде қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен шекарасында сәтті іске асырылды.

"CarGoRuqsat" пилоттық жобасы қазіргі уақытта келесі автомобиль өткізу пункттерінде (АӨП) енгізілуде:

- 15.01.2024 жылдан бастап «Қарашатау» (Ақтөбе облысы) және «Жезкент» (Абай облысы) автомобиль өткізу пункттері;

- «Убе» автомобиль өткізу пункттері (Шығыс Қазақстан облысы) және «Ақсай» (Батыс Қазақстан облысы) 31.01.2024 жылдан бастап;

- 15.02.2024 жылдан бастап «Уабаған» (Қостанай облысы) және «Найза» (Павлодар облысы) автомобиль өткізу пункттері;

- «Құрманғазы» автомобиль өткізу пункті (Атырау облысы) 30.04.2024 жылдан бастап.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы