Date of publication: 07.12.2023 17:57
Date of changing: 07.12.2023 17:58

Өңірлік коммуникациялар қызметінде кедендік әкімшілендіруге жетекшілік ететін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары мен облыстық БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Павлодар облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Руслан Рахимберды кедендік бақылаудың тиімділігі экспорт, импорт құрылымын және қызметтің негізгі бағыттарын терең және жан-жақты талдау негізінде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін жүйелі шараларға байланысты екенін атап өтті.

– Өткізілетін іс-шаралардың нәтижесінде 2023 жылғы 1 желтоқсанға кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі шамамен 23 млрд.теңгені құрады, – деп атап өтті Руслан Рахимберды өз сөзінде.

БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы