Date of publication: 29.01.2024 17:26
Date of changing: 29.01.2024 17:30

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері "ГРЭС-1" ЖШС еңбек ұжымымен кездесуге қатысты.

Кездесу "Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы" Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және басқа да өзекті салық мәселелері іс-шара барысында талқыланды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы