Date of publication: 30.01.2024 17:21
Date of changing: 30.01.2024 17:22

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымы әріптесіміз, мемлекеттік кірістер органдарының үздігі, берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Роза Ескенқызы Сейтбатталованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қатты қайғырады.

Роза Ескенқызы өз ісінің кәсіби маманы болды, Павлодар облысының салық қызметінің дамуына елеулі үлес қосты.

Ол салық органдарында өзінің еңбек жолын 2000 жылы бастады, Салық комитетінің маманынан мемлекеттік кірістер Департаментінің басқарма басшысына дейінгі жолды өтті.

Роза Ескенқызымен бірге жұмыс істегендердің барлығы оны еңбекқор, көңілді, жанашыр және өз ісіне адал адам ретінде есте сақтайды.

Роза Ескенқызы сүйікті қызы мен әпке, екі ұлының сүйікті анасы, қамқор әже болды.

Департамент ұжымы Роза Ескенқызының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Жарқын есі біздің жүрегімізде, ал оның аты салық қызметінің тарихында мәңгі сақталады.

 

Павлодар облысы бойынша

мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымы