Date of publication: 12.02.2024 17:20
Date of changing: 12.02.2024 17:22

Еуропалық Одаққа (ЕО) тауарларды әкелу рәсіміндегі өзгерістер 2024 жылғы 3 маусымнан бастап күшіне енеді.

Теңіз көлігімен, сондай-ақ ішкі су жолдарымен тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялар кедендік әкелу декларациясын (IRS) толтыра отырып, нақты келгенге дейін ЕО-ға немесе ЕО арқылы транзитпен жөнелтілген тауарлар бойынша деректерді ұсынуы тиіс.

Бұл талап сондай-ақ жедел жеткізу қызметтеріне және осы көлік түрлерімен тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын пошта операторларына, сондай-ақ логистикалық қызметтерді жеткізушілер сияқты басқа да мүдделі тараптарға қолданылады. Белгілі бір жағдайларда ЕО-да тіркелген соңғы алушылар ICS2-ге деректерді ICS толтыру арқылы ұсынуы керек.

Кейіннен қауіпсіздікті қорғау және қамтамасыз ету шаралары туралы деректерді беру жөніндегі ұқсас талаптар жүктерді темір жол және автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын компанияларға қатысты енгізілетін болады.

Енгізу кезеңі көлікке байланысты 2024 жылғы 3 маусымнан 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін біртіндеп өтетін болады.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша хабарласуға болады https://taxation-customs.tc.europa.eu/document/download/dac9bbdf-9a6e-40f4-b05567b55396 немесе электрондық пошта арқылы хабарласыңыз TAXUD-ICS2-PROJECT-TEAM@ec.europa.eu.

 

Павлодар облысы бойынша МКД кедендік әкімшілендіру басқармасы