Date of publication: 13.02.2024 13:36
Date of changing: 13.02.2024 13:42

2024 жылдың 15-ақпанына дейін тапсыру қажет:

101.03. СЕН - Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп;

101.04. СЕН - Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп;

200.00. СЕН - ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;

300.00 СЕН - Қосылған құн салығы бойынша декларация;

400.00 СЕН - Акциз бойынша декларация;

421.00 СЕН - Құрылымдық бөлімше үшін акцизді есептеу;

570.00 СЕН - Экспортқа рента салығы бойынша декларация;

590.00 СЕН - Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;

710.00 СЕН - Ойын бизнесі салығы бойынша декларация;

860.00 СЕН - Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;

870.00 СЕН - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация;

910.00 СЕН - Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация;

913.00 СЕН - Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация;

701.01 СЕН "Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі".

 

2024 жылдың 20-ақпанына дейін тапсыру қажет:

328.00 СЕН - Тауарларды әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш;

851.00 СЕН "Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдердің сомалар есебі".

 

2024 жылдың 20 ақпанына дейін келесі төлемдерді төлеу қажет:

  • Акциз + құрылымдық бөлімше үшін акциз+
  • ЕАЭО шеңберінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың сомалары.

 

2024 жылдың 26 ақпанына дейін келесі төлемдерді төлеу қажет:

  • Төлем көзіндегі ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары
  • КТС бойынша аванстық төлемдер
  • Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алым
  • Төлем көзіндегі КТС
  • Экспортқа рента салығы бойынша төлем
  • Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша төлем
  • Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
  • Қосылған құн салығы
  • жарты жылдық Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация бойынша салықтар мен төлемдер
  • Сандық майнинг бойынша төлем
  • Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем
  • Ойын бизнесіне салынатын салық
  • Бөлшек салық
  • Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер
  • Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің ағымдағы төлемі
  • Жалақыдан бірыңғай төлем