Date of publication: 18.03.2024 16:27
Date of changing: 19.03.2024 10:45

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес 2024 жылғы 4 сәуірден бастап мемлекеттік кірістер органдары қызметіне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

 

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (құқықтық актілер, жұмыс процесстері, салықтық және кедендік әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және т.б.) 2024 жылғы 4 сәуірге дейін a.nuralina@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.

 

Сұрақтарыңыз болса, 53-53-51 телефон нөміріне хабарласыңыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД адами ресурстар басқармасы