Date of publication: 01.04.2024 17:32
Date of changing: 01.04.2024 17:35

Құрметті салық төлеушілер!

 

2024 жылдың 31 наурызы жексенбі демалыс күніне түскендіктен, салық есептілігін ұсыну мерзімі Салық кодексінің 38-бабының 2-тармағына сәйкес бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.

Осылайша, 2024 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей 2023 жыл үшін салық есептілігінің мынадай нысандарын ұсыну қажет:

100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандары – КТС бойынша декларациялар;

220.00, 240.00 нысандары – ЖТС бойынша декларациялар;

700.00 нысаны – көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация;

531.00 нысаны -  салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларация (есеп) (декларацияны алушылар мемлекет атынан 531.02, 531.03 қосымшалар бойынша табыс етеді);

540.00 нысаны - үстеме пайда салығы бойынша декларация;

560.00 нысаны - тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем мөлшері 10 000 АЕК-ке тең немесе одан аз болса, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем бойынша декларация;

600.00 нысаны - жер қойнауын пайдалануға балама салық бойынша декларация;

871.00 нысаны - жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі;

912.00 нысаны - тіркелген шегерімді пайдалана отырып, АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация;

920.00 нысаны - бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларация.

Осыдан басқа, 2023 жылдың 4 тоқсаны үшін бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп - 101.04 нысаны ұсынылады.

Сондай-ақ, жеке тұлғаларға 1 сәуірден кешіктірмей 2023 жыл үшін көлік құралдарына салықты төлеу қажет.

 

Сондай-ақ, Салық кодексінің 212-бабына сәйкес салық төлеушілер электрондық нысанда табыс етілген жағдайда салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы екенін еске саламыз.

Мерзімді ұзарту үшін тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кірістер органына не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына салық есептілігін табыс ету үшін Салық кодексінде белгіленген мерзім өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда хабарлама жіберу қажет.

Хабарламаны электрондық нысанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің "Салық төлеуші кабинеті" web-қосымшасы, "электрондық Үкімет" порталы (egov.kz) арқылы жіберуге болады.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеуді қоспағанда, салық есептілігін табыс ету мерзімі келесідей кезеңге ұзартылады:

- корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге;

- салықтардың өзге түрлері, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша декларацияны және (немесе) есепті ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге;

- тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге.