Date of publication: 01.04.2024 17:40
Date of changing: 01.04.2024 17:42

29 наурыздан бастап Қазақстаннан автокөлікпен, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салынды.

Келесілерден басқасына: өнеркәсіптік өндіріске қою, авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отын) өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін КҚ-ны дайындаушы зауытта көзделген бензин бактарында майлау майларын әкету, авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отын) өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және / немесе қайта бекіту жатады), мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілеттік берілген ұйыммен шарттың және осы мақсаттар үшін қажетті үлгілердің (сынамалардың) саны мен авиациялық отын көлемі көрсетілген хат болған жағдайда; ҚР Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері.