Date of publication: 05.04.2024 18:24
Date of changing: 05.04.2024 18:29

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Е. Қ. Тоқтархановтың атынан аккаунттар жасалып, олардан павлодарлықтарға түрлі хабарламалар жіберіліп жатыр.

Егер сіз Департамент басшысының атынан хабарлама немесе қоңырау алсаңыз, бұл алаяқтардың әрекеттері екеніне назар аударамыз.

Құрметті салық төлеушілер, сақ болыңыздар!

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы