Date of publication: 23.04.2018 14:02
Date of changing: 23.04.2018 14:04

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі – МКД) қызметкерлерге арналған апта сайыңғы «Қазіргі таңда Қазақстандағы діни мәселе бойынша көкейкесті сұрақтар» атты аппаратттық оқу өткізілді.

Павлодар облысының діни істері басқармасының басшысы Дәулет Закарьянов жастардың дінге деген көз-қарастары туралы, олардың дін, ислам діні, жаһандық дін туралы білімдерінің таяздылығы жөнінде және осы білімдерінің таяздылығы неге әкеп соқтыратыны жайлы сөз қозғады.

Ол жиналғандарды Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған діни ұйымдармен таныстырды. Қазіргі таңда, елімізде 21 экстремистік және террористік ұйымға тыйым салынған.

МКД қызметкерлеріне документальді фильм көрсетілді.

                                                                     Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы