Date of publication: 20.07.2018 12:24
Date of changing: 20.07.2018 12:28

ҚР Қаржы минстрлігі мемлекеттік кірістер комитеті биылғы жылы тағы да біздің азаматтарымызға салықтық заңнаманы сақтауда қоғамдық бақылауға қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұтысқа қатысып, жүлде ұтыға болады.

Науқан мақсаты – азаматтардың тауарлар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз қызығушылықтарын қорғауда құқықтық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады.  Науқан электронды түрде «Wipon» мобильдік қосымшасы арқылы іске асады.

Науқанға кез-келген қызмет немесе тауар үшін берілген фискалды түбіртектің сүретін жолдау арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды түбіртек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл туралы шағымдануы мүмкін.

Гранд финал мемлекеттік кірістер комитетінде үстіміздегі жылдың соңында өткізіліп, онда құнды сыйлықтар ойнатылады және басты сыйлық – автокөлік.

Ұтыстық жеңімпаздары кездейсоқ түбіртек таңдау арқылы анықталады.  Ендеше, неғұрлым көп түбіртек жіберілсе, соғұрлым қатысушының ұтысқа ие болуға мүмкіндігі көп болады.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті