Date of publication: 01.08.2018 15:21
Date of changing: 01.08.2018 15:23

Жыл сайын салық төлеушілер, жеке тұлғалар жергілікті салықты ағымдағы жылдың 1-қазанына дейін өздеріне қатысты мүлкіне және жер салығына, яғни өздерінің пәтерлері, саяжай мен гараждарына төлеген еді. Әрқайсымыз салықтардың есептемесі бойынша хабарламаны күтіп, оны жақын арадағы банк бөлімшелері арқылы төлеуге асығатынбыз. Бірақ, былтырғы жылы есептелінген салықтар туралы хабарлама халыққа мекен-жайлары бойынша таратылған жоқ. Бұл салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты болды.

Енді, 2018 жылдан бастап, жеке тұлғалардың мүлік және жер салығы, салық салу объектісінің жыл қорытындысы бойынша есептеледі. Бұған дейін жылма жыл төленген болатын.

Салық кодексінің 515 және 533 баптарына сәйкес, жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын төлеу үшін салық кезеңі болып, 1-қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл белгіленді.

Ендеше, қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың 2017 жылға есептелген салықтарды төлеу бойынша жұмыс атқарып, облыс тұрғындарына хабарламалар таратуда.

Жеке тұлғаларға мүлік және жер салығына есептелген салықты 2018 жылдың 1-қазанынан кешіктірмей төлеу қажет.

Жыл сайын, 2019 жылдың 15-шілдесінен бастап, жеке тұлғалар есептік кезеңге есептелінген салықтар сомасы туралы хабарламаны «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі - ХҚКО) келу арқылы алуға болады.

Ендеше, облыс тұрғындары мүлік және жер салығы бойынша есептелінген хабарламаны ХҚКО 2019 жылдың 15-шілдесінен кейін, ал 2019 жылдың хабарламасын 2020 жылдың 15-шілдесінен кейін ала алады.

Жеке тұлғалардың есептелінген  мүлік және жер салығы туралы барлық сұрақтар бойынша, салық төлеушілер тіркелген тұратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуға болады.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті