Date of publication: 18.10.2019 15:19
Date of changing: 18.10.2019 15:21

Салықтық зерттеп-қарау «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 70-бабы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі. Салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салықтық   зерттеп-қарау актісі жасалады.

Жүргізілген салықтық зерттеп-қарау нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушіге салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқ екенін) растау туралы хабарлама жібереді.

           Салық органы көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.

Салықтық зерттеп-тексеру кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірмеге салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі:

жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат;

орналасқан жері ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік меншік құқығында болатын жеке тұлғаның жазбаша келісімі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесін нотариат куәландыратын және оны салық органына ұсынатын күндер арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Салық төлеуші өзінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына өзі келу тәртібімен салықтық зерттеп-қарау кезінде орналасқан жерінде болмау себептері туралы жазбаша түсінік ұсынуға міндетті.

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.