Date of publication: 29.10.2019 16:47
Date of changing: 29.10.2019 16:52

«Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасының жаңа электрондық сервисінің пайдаланушылары SMS-хабарлама арқылы алынған логин/парольді пайдалана отырып, авторландыру және салық есептілігін растау сервисін пайдалана алады. Бұл функционал қандай да бір себептермен ЭЦҚ пайдаланбайтын пайдаланушылар үшін балама шешім болып табылады.

Жаңа функционал «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасының электрондық сервистерін пайдалану процесін айтарлықтай жеңілдетеді, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйесінде авторландырудың және электрондық құжаттарды растаудың қазіргі заманғы тетіктерін пайдалана отырып, өзінің салықтық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.

«Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасының жаңа электрондық сервисін пайдалануға қатысты анықтамалық ақпаратты алу үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.