Date of publication: 08.11.2019 14:52
Date of changing: 08.11.2019 14:56

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 270 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4-тармағына сәйкес, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

Бастапқы кезеңде осы функционал  Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 58 бұйрығына сәйкес, кедендік әкелу баждарының төмендетілген ставкалары қолданылатын (алып қою тауарларының тізбесі) автокөлік құралдарын өткізетін салық төлеушілерге таралды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының 23.04.2019 жылғы №384 бұйрығымен ЭШФ Виртуалды қойма модулі арқылы жазып берілетін тауарлар тізбесі жаңа тауарлық позициялармен, атап айтқанда қант-шикі, тоңазытқыштар мен теледидарлар бойынша толықтырылды. 

«Виртуалды қойма» модулін іске асырудың мақсаты тауарды ел аумағына әкелу (өндіру) сәтінен бастап және оны соңғы сатуға не Қазақстан Республикасынан экспорттауға дейін қадағалау болып табылады.

Қазіргі уақытта үшінші елдердің аумағынан, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен импортталған мәліметтер «Виртуалды қойма» модуліне автоматты режимде түседі.

Бөлшек сауда мен экспортқа дейін тауарларды жеткізу тізбегінің мониторингі мен талдауы сыртқы экономикалық қызметтің тәуекелдік қатысушыларын жедел анықтауға мүмкіндік береді.