Date of publication: 08.11.2019 15:04
Date of changing: 08.11.2019 15:07

Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды сақтауға арналып арнайы айқындалған және жайластырылған құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар кеден қоймалары болып табылады.

Осы тараудың талаптары сақталған жағдайда экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын сақтауға жол беріледі.

Кеден қоймасы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген күннен кейінгі күннен бастап құрылды деп есептеледі.

Кеден қоймасының жұмыс істеуі кеден қоймасының иесі кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.

Кеден қоймалары ашық немесе жабық типте болуы мүмкін.

Кеден қоймалары, егер олар кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар кез келген тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді болса, ашық типтегі қоймалар болып табылады.

Кеден қоймалары, егер олар осы кеден қоймасы иесінің тауарларын сақтауға арналса, жабық типтегі қоймалар болып табылады.

Ашық типтегі кеден қоймасы үй-жайының бір бөлігі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмей, тауарларды уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Кеден қоймасы үй-жайының бір бөлігі тауарларды уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, ол үй-жайдың қалған бөлігінен тұтас қоршаумен оқшаулануға тиіс.

Кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.