Date of publication: 19.12.2019 13:22
Date of changing: 19.12.2019 13:24

Ақсу бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2016 жылғы 16 наурыздағы ҚР қаржы министірінің бұйрығы бойынша «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңнын 8 бабының 12-1) тармақшысына сәйкес келесіні мәлімдейді: мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларды жабдықтауға арналған ережелер мен талаптар бекітілді. ҚР Заңына сәйкес мұнай өнімдерін өткізуді, тиеп-жөнелтуді және (немесе) тасымалдау мен айдауды резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.

Ауылдарда, селолық округтерде және шекаралас аудандарда орналасқан жанармай құю станциялары үшін –

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек сауда және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мұнай өнімдері тиеп - жөнелтуді мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз не бақылайтын есепке алу аспаптарын айналып өтіп өткізуі және (немесе) тиеп-жөнелтуі жауапкершілік басталады.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 281 бабының 5 тармағының талаптарын бұзғаны үшін келесі жауапкершілік қарастырылған:

  • жеке тұлғаларға – 20 АЕК,
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК,
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК,
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға және мұнай өнімдерін  тәркiлеуге әкеп соғады.

 

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы