Date of publication: 23.12.2019 17:45
Date of changing: 26.12.2019 15:37

Кіші және орта бизнес (КОБ) субъектілері үшін салықтық рақымшылық Қазақстанда 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізіліп, 2018 жылдың 1 қазанына бар берешекті 2019 жылғы 31-желтоқсанына дейін негізгі қарызды төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығаруды көздейді.

Салықтық берешек (қарыз) туралы ақпаратты www.kgd.gov.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсы мен «Салықтық берешегі бар/жоқ» электрондық сервисін қолдана отырып, «Электрондық үкімет» порталынан білуге болады. Ол онлайн режимінде ЖСН/БСН енгізу арқылы салықтық берешектің бар/жоғын білуге мемкіндік береді.

2019 жылғы 13-тамыздан бастап азамматтарға арналған салықтық рақымшылық науқаны шеңберінде салықтар мен өсімпұлдарды есептен шығару Ережелері қолданысқа енгізілді.

KGD.GOV.KZ ресми сайтында берешегі бар салық төлеушілердің тізімі орналасқан. Онда әрбір салық төлеуші, есептен шығаруға жататын өзінің қарызы мен өсімпұл соммасын, өзінің ЖСН енгізу арқылы біле алады.