Date of publication: 23.12.2019 17:53
Date of changing: 23.12.2019 17:56

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде  2019 жылдың 25 желтоқсанында сағат 11.00-де республикалық деңгейде бас жүлдесі автокөлік болатын, «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша ұтыс ойыны өткізіледі.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитетімен ағымдағы жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы өткізілгенін естеріңізге саламыз.

Аталған кезеңде қатысушылармен 2, 739 млрд.теңге сомаға шамамен 500 мың онлайн БКМ чегі жіберілді.

Акцияға қатысушылар арасында жүлделер ұтыс ойыны күн сайын өткізіліп, 3 512 жеңімпаз анықталды, оларға 5 000 теңгеге дейін ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражат жұмсалды.

Бұл ретте барлық жіберілген онлайн БКМ чектері акцияның басты жүлдесі – автомобиль ұтыс ойынына қатысатынын атап өтеміз.

Бұл акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып бағытталған.

Іс-шараны жариялау мақсатында БАҚ аккредитация алу үшін деректерді kgd.pressa@gmail.com, aya.kazbekova@kgd.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберу қажет. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70-99-40.