Date of publication: 27.12.2019 17:30
Date of changing: 27.12.2019 17:32

Құрметті салық төлеушілер!

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті, жеке тұлғалардың 2019 жылға көлік салығын 2019 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді.

Жеке тұлғаларға  салық төлеу тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

2019 жылға көлік салығын есептеуді сіз Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде жасай аласыз.

Бұдан басқа, Halyk Bank және Kaspi Bank мобильді қосымшаларын пайдаланушыларына  2019 жылғы көлік құралдарына салынатын салық сомасын қарау  және VIN-код бойынша төлеу  мүмкіндігі берілген.

Салықтарды уақытылы төлемеген жағдайда, қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселі көлемінде өсім есептелетінін еске саламыз.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық арна арқылы алатынын атап өтеміз.