Date of publication: 30.12.2019 17:00
Date of changing: 30.12.2019 17:05

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті, Президенттің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ДИАЛОГ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» Жолдауын іске асыру барысында Қазақстан РеспубликасыНЫҢ 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексі) енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына микро және шағын бизнес субъектілерін үш жылға салық төлеуден босатуға қатысты толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Бұл түзетулер қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламентінде қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына енгізілген.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің келесі жылға арналған патент құны есептілігі биылғы жылы тапсырылатынын ескере отырып, осындай салық төлеушілермен СЕН - да 2020 жылға арналған патент құнын төлеу кірістерін көрсете отырып, бірақ ЖТС есептеусіз және төлеусіз жүзеге асырылатынына назар аударамыз.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған Жолдаумен табыс салығын төлеуден босату туралы тапсырма берілді және әлеуметтік төлемдерден босатуды қарастырмағандығына назар аударамыз.