Date of publication: 16.01.2020 18:52
Date of changing: 16.01.2020 18:54

Салық кодекстің 539 және 540 баптары 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойындарға салынатын қосымша салық жойылады.

Бұл ретте, Салық кодекстің 222 - бабының 1-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойын бизнесі саласындағы және ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), карттарды (картинг), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ  айырбастау пунктінің уәкілетті ұйымдар корпоративтік табыс салығының салық төлеушілер болып табылады.