Date of publication: 17.01.2020 15:55
Date of changing: 17.01.2020 16:01

Салық кодексінің 463-бабының 4 – тармағына сәйкес (14, 15, 21, 22 – жолдары) 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап сигареттерге акциз ставкалар 13,8% өсті (2019 жылда 8700 тенге/1000 данаға).

Темекі өнімдеріне арналған акциз ставкаларын жоғарлату 2006 жылы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған темекіге бақылау бойынша Негіздемелік конвенцияны (бұдан әрі - Негіздемелік конвенция) іске асыру бойынша қажетті шара болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 463-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны акциздер мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан акциздер мөлшерлемері:

 – өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) көтерме саудада өткізуі 1 тоннаға 24 435 теңгені;

– өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы 1 тоннаға 24 935 теңгені;

– импорттау кезінде 1 тоннаға 24 435 теңгені;

– салық кодексінің 462-бабы 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру 1 тоннаға 24 435 теңгені құрайды.