Date of publication: 17.01.2020 17:16
Date of changing: 17.01.2020 17:17

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ жаңа редациясында қабылданған.

Жалпы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен әлеуметтік аударымдар бойынша қарызды өндіру бойынша негізгі ережелер сақталған.

Сонымен қоса, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 2-тармағының 7) тармақшасымен төлеуші мемлекеттік кіріс органдарының талап етуі бойынша осы Заңның 17-бабында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға мiндеттi деп беітілген.

Сонымен қоса, Заңның 17-бабының 6тармағымен Осы баптың 5-тармағына сәйкес төлеуші ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі негізінде мемлекеттік кіріс органы тізім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушінің банктік шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алатыны қарастырылған.

Агенттің мемлекеттік кірістер органдарына міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ), міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) бойынша, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша қарызды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі тіркелген инкассалық өкім негізінде өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жеке тұлғалардың тізімін ұсынуды қарастыратын ұқсас өзгерістер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген.