Date of publication: 22.01.2020 12:50
Date of changing: 22.01.2020 12:52

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 48-бабының
2-тармағына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды. Бұл ретте 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 48-бабы жаңа редакциясынды талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды.

Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды («Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабы 1-тармағы).

Осыған байланысты көрсетілген норманы әр түрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасында тиісті түзетулер қарастырылған.

Аталған түзетуге сәйкес, салықтық міндеттеме мен талап бойынша, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.

Осыған орай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан кейін туындаған салықтық міндеттеме мен талап Салық кодексінің 48-бабының өзгерісімен реттеледі.

Сонымен қатар салықтық міндеттемесімен бірге салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсынуға міндетті, салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салықтық есептілікті қайтарып алуға, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы (Салық кодексінің  48-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары).

Осыған байланысты салық төлеушінің талабы бойынша (салықтық есептілікті қайтарып алуға, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды және т.б.) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.

Жазылғанды ескере отырып салықтық міндеттеме бойынша 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды, тиісінше мемлекеттік кірістер органы талап қою мерзімін ұзартуды және (немесе) тоқтата тұруды реттейтін Салық кодексінің 48-бабының ережелерін ескере отырып, 2020 жылы бес жылдық салық кезеңі үшін салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы.