Date of publication: 04.02.2020 16:30
Date of changing: 05.02.2020 14:13

Павлодарда «Ертіс» шаңғы базасында мемлекеттік қызметшілердің арасындағы областық спартакиадасының XVIII бағдарламасы шеңберінде данышпан Әбу Насыр аль-Фараби мерейтойына арналған шаңғы тебуден жарыс өтті.

Шаңғы жарысында 15 басқармалар мен департаменттерден мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жастары төрт түрлі топтардағы ер адамдар – 6 км, әйелдер – 3 км алшақтықты өтті.

Шаңғы тебудің жеңімпаздары Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мамандары да болды. Олар: құрмет тұғырының жоғары баспалдағын алған Карлыгаш Баисова (Адам ресурстары басқармасы) және 2-орынға ие болған Кайрат Мухамеджанов (Тарифтік реттеу басқармасы).

Жеңімпаздар дипломдармен және медалдармен марапатталды.

Біздің жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Павлодар облысы бойынша МКД-ның түсіндіру жұмысы басқармасы