Date of publication: 04.03.2020 09:36
Date of changing: 04.03.2020 13:54

2020 жылғы 26 ақпанында Баянауыл аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы А.Кульбековтың, бөлім басшысы Машгутов Т.М.  бас маман А.Бакенова Баянауыл ауданы әкімдігінің ғимаратында салық және кеден заңнамасымен 2020 жылға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар ұйымдастырды.

Семинарға ауылдың жеке кәсіпкерлері, Павлодар облысы Баян-Ауыл аудандық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» филиалының директоры, Баянауыл ауданының мекемелерінің, ұйымдарының және уәкілетті органдарының бас есепшілері, ЖШС басшылары, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Проблемалық және қызықты сұрақтар талқыланды. Қойылған сұрақтарға семинар  баяндаушылары толыққанды жауап берді.