Date of publication: 05.03.2020 16:16
Date of changing: 05.03.2020 16:19

Тәжірибе көрсеткендей түзетілген және қосымша шот-фактураларды жазып беру туралы мәселелер өзекті болып қала береді.

Салық кодексінің 47-тарауында шот-фактураларды жазып беру бойынша ережелер мен ерекшеліктер көзделген.

Салық кодексінің 419-бабы 1-тармағына сәйкес  түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі.

Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады.

Салық кодексінің 420-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес қосымша шот-фактураны жазып беру  өнім беруші Салық кодексінің 383-бабына сәйкес айналым мөлшері түзетілген жағдайларда жазып береді. Салық кодексінің 383-бабы 2-тармағына сәйкес мынадай:                      1) тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып әкелуді қоспағанда, бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;                       2) мәміленің шарттары өзгерген;                                                                3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшiн баға, өтемақы өзгерген жағдайларда түзету жүргізіледі. Осы тармақшаның ережесі шарттың талаптарын негізге ала отырып, оның ішінде коэффициентті (индексті) қолдануға байланысты, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің төлеуге жататын құны өзгерген кезде де қолданылады;                                                                                                      4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалған;                                   5) осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыс қайтарылған;                                    6) нәтижесінде айналым мөлшерінің өзгеруі болатын өзге де жағдайлар басталған жағдайларда түзету жүргізіледі.

Салық кодексінің 383-бабы 4-тармағына сәйкес салық төлеуші айналымының мөлшерін түзету солардың негізінде салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшері өзгертілетін құжаттар болған кезде жүргізіледі.

 Салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшерін түзету сомасы жоғарыда көзделген жағдайлар басталатын күнге тура келетін салықтық кезеңнің салық салынатын (салынбайтын) айналымына енгізіледі. Мұндай күн түзету сомасына айналымды жасау күні болып табылады.

Осылайша, түзетілген шот-фактура бұрынырақ жазып берілген шот-фактураға өзгертулер немесе түзетулерді енгізу қажет болған жағдайда жазып беріледі, яғни тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушінің және (немесе) алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету.

Егер жағдай Салық кодексінің 383-бабы 2-тармағында қарастырылған жағдайларға сәйкес келсе, мысалы тауар қайтарылған, баға өзгерген жағдайда және т.б., онда қосымша шот-фактура жазып беріледі.

Шот-фактура жазып беру мерзіміне қатысты Салық кодексінің 413-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалған жағдайларда – өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

Салық кодексінің 412-бабы 3-тармағына сәйкес электрондық нысандағы шот-фактура уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) ақпараттық жүйесінде жазып беріледі.

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі №370 бұйрығының 37-тармағына сәйкес түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берілген қосымша немесе түзетілген ЭШФ жазып берілетін ЭШФ жазып берілген күннен бастап салық заңнамасында белгіленген талап ету мерзімі шегінде жазып беріледі.

Сонымен қатар, қолданыстағы жаңа редакциядағы Салық кодексінің 48-бабы 2-тармағына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап,  салықтық мониторингке жататын және Салық кодексімен көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, талап қою мерзімі бес жылды құрайтын, қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушідерді қоспағанда, талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды.