Date of publication: 06.03.2020 15:00
Date of changing: 06.03.2020 15:01

Кейде, салықтөлеуші міндетін қолданыстағы заңмен көзделген талаптарға қарағанда артығырақ көлемде орындайды. Салықтың, төлемнің артық төленуі әр-түрлі себептерге байланысты: есепті, декларацияны тапсырған кезде қателік жіберу; салық, төлем төленген кезде кодты қате көрсету; өзі салықтөлеуші ретінде тіркелмеген басқа мемлекеттік кірістер органына қателесіп төлеу және тағы басқалар. Артық төленген және қате төленген соммаларды келешек төлемдерге есепке жатқызуға, басқа төлемдерге есепке жатқызуға немесе қайтаруға болады.

Артық төленген салықты, төлемді, алымды және өсімпұлды есепке алуды/қайтаруды өткізу жиі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі болып табылады.

Артық төленген сома болған кезде, салықтөлеуші төленген орны бойынша органга есепке алуға немесе қайтаруға өтініш ұсынады. Қайтару жүргізу үшін банк шотын көрсету қажет. Қайтару бюджетке берешек жоқ жағдайда ғана өткізілетінін ұмытпаған жөн.

Мемлекеттік бажды қайтару үшін өтінішке уәкілеттік органның құжаты қосымша ұсынылады. Төлеу құжатының керегі жоқ.

Артық төленген соманы есепке жатқызу және қайтару туралы салықтық өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде және талап мерзімі шегінде (01.01.2020ж. бастап талап мерзімі үш жылды құрайды) орындалады.