Date of publication: 11.03.2020 14:49
Date of changing: 11.03.2020 15:01

Кедендік тексеру камералдық немесе көшпелі болуы мүмкін.

Камералдық кедендiк тексеру кедендік операцияларды жасау кезінде және (немесе) кеден органдарының талап етуі бойынша тексерiлетiн тұлға ұсынған кедендiк декларациялардағы және (немесе) коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құжаттары мен мәліметтерін, сондай-ақ кеден органдарында бар және тексерілетін тұлғаға қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау арқылы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша жүргізіледі.

Камералдық кедендік тексеруді кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармай, сондай-ақ кеден органының камералдық кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімін (нұсқамасын) ресімдемей, кеден органының тұрған жері бойынша жүргізеді. Кеден органы тексерілетін тұлғаны камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша хабардар етеді.

Бұл ретте тексерілетін тұлғаға осы хабарламаның шеңберінде сәйкес құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыну жөнінде талап жіберуге құқылы. Хабарламаны жіберген күн камералдық кедендік тексеруді жүргізу басталған күн болып саналады.Камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі алты айдан аспауға тиіс.

Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне (жерлеріне), дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыратын жерге (жерлерге) және (немесе) мұндай тұлғалардың қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерге (жерлерге)  бару арқылы жүргізеді.

Көшпелі кедендік тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

         1) жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру;

         2) жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеру.

Көшпелі кедендік тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі. Нұсқамаға кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қоюға тиіс.