Date of publication: 11.03.2020 17:22
Date of changing: 11.03.2020 17:29

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 27 маусымда сөйлеген сөзінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және тұтастай экономиканы цифрландыру маңыздылығын атап өтті: «Бүгінде белгілі бір дәрежеде немесе басқа кедергілер болып жатқан барлық процестерді алып тастап, оларды автоматтандырылған ету керек. Азаматтар сапалы мемлекеттік қызметтерді еш қиындықсыз автоматты түрде алуы керек».

Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті қызмет алушыларға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметті электрондық турде алуға болатының хабарлайды, яғни олар:

         - Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою;

         - Салық төлеушілерді тіркеу;

         - Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі;

         -Мемлекеттік кірістер оргнадары есебінде тұратын, берешектің (қарыздың) бары/жоғы туралы мәлімет ұсыну;

         - Қазақстан Республикасының резинденттігін растау;

         - Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);

         - Салық есептілігін қабылдау;

         - Салық есептілігін керi қайтарып алу;

         - Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;

         - Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару;

         - Еуразиялық экономикалық одағында тауарларды экспоррттау (импортау) кезінде салық нысандарын қабылдау;

         - Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттынан үзінді көшірме беру;

         - Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру;

         «Е-лицензирование» мемлекеттік деректер қоры арқылы:

         - Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру;

         - Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру;

         - Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру;

         - Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру, қайтар есімдеу, лицензияның тел нұсқаларын беру;

         - Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру;

         - Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу;

         - Халықаралық тасымалдаудың құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлер мен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру;

- Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу;

         - Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу;

         - Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу;

         - Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу;

         - Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу;

         - Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу;

         Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу ол:

         - Жұмыс ұақытын тиімді пайдалануға және есептілік нысандарға қаражат жұмсалмайды;

         - Электрондық үзінділерді алуға;

         - Жедел ақпараттандыруға;

         - Салық есептіліктері қабылданғаны туралы мәлімет;

         - Тәулік бойы қол жетімділігі;

         - Мәліметтерді интернет жүйесінен компьютер, планшет, телефон арқылы алуға мүмкіндікті;

         - Кезекті болдырмауға;

         - қолдау қызметінің қол жетімділігі;

 - Байланыстардың азаюы, яғни өтінуші қызмет түрін алу үшін тура ведомствоға хабарласпайды; 

         - Бекітілген мерзімде алуға әкеледі.

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері мемлекеттік кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz. ресми сайтында орналасқан.