Date of publication: 11.03.2020 17:40
Date of changing: 11.03.2020 17:45

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2020 жылдың 31 наурызына дейін 2019 жылға «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша» 230.00 нысанды декларацияны тапсыру қажет екенін еске салады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 363 бабының 2 тармағында 230.00-нысан «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша» декларацияны тапсыратын Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жердегі де мүлкі туралы декларацияны тапсырады.

Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқу, тағылымдамадан немесе практикадан өту мақсатында жүрген тұлғалар осы тармақта көзделген негіздер болмаған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмайды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 11 бабына сәйкес:

- Мемлекеттiк лауазымдағы адамдар өз өкiлеттiктерiн орындау кезеңiнде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.

- Мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар, шығарылғаннан кейiнгi үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.

- Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.

ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 169 бабының 8 тармағы 9 тармақшасына сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам жазаның қалған өтелмеген бөлігі өткенге дейін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс етуге міндетті. Бұл ретте аталған адамдар ішкі істер органына мемлекеттік кіріс органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын ұсынады.

Азаматтардың көрсетілген барлық санаттары декларацияны таңдау бойынша не қағаз тасығышта - келу тәртібімен немесе пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен не электрондық түрде беруге құқылы.

Электрондық түрде декларацияны тапсыру үшін криптографиялық кілттің болуы қажет. Кілтті тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-дан алуға болады. Декларацияны "салық төлеушінің кабинеті"Web-қосымша арқылы мына http://cabinet.salyk.kz мекен-жай бойынша тапсыруға болады.

Сонымен қатар, әрбір мемлекеттік кіріс басқармасында салық төлеушілердің терминалдары бар, олар арқылы өз декларациясын жіберуге болады.

230.00 салық есептілігі нысаны және оны толтыру ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналасқан: kgd.gov.kz "ҚР Заңнамасы" - "Салық есептілігі нысандары" - "2018 жылға СЕН" - "Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық"-"230.00-нысан".

Салық салу объектісі болып табылатын табыстар мен мүлік туралы декларациялар мен мәліметтерді мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қасақана табыс етпеуі немесе толық, дұрыс табыс етпеуі үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылық көзделген.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы бұзушылық фактісі қайта анықталған жағдайда-200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 274-бабы).