Date of publication: 11.03.2020 17:55
Date of changing: 11.03.2020 17:57

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімнің 56 бабы 4 тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімнің № 12 қосымшасының 25 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен шешім қабылданды:

  1. 2020 жылдың 2 наурызынан бастап Қытай Халық Республикасы аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына карантинге жатқызылған цитрустық өнімдерді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0805) кіргізуге тыйым салу түрінде уақытша карантинді фитосанитарлы шаралар еңгізу туралы;
  2. 2020 жылдың 2 наурызынан бастап Россельхознадзормен еңгізілген Қытай Халық Республикасы аумағынан карантинге жатқызылған сүйекті, шекілдеуікті және  цитрустық өнімдерді кіргізуге тыйым салу түрінде уақытша карантинді фитосанитарлы шараларға қосылу және Қытай Халық Республикасы аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына карантинге жатқызылған цитрустық өнімдерді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0808 және 0809) кіргізуге тыйым салу түрінде уақытша карантинді фитосанитарлы шаралар еңгізу туралы.