Date of publication: 11.03.2020 18:08
Date of changing: 11.03.2020 18:11

Құқық қорғау қызметі ортылығының қызметі сұрақтары бойынша біріккен ынтымақтастық Меморандумы шеңберінде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының м.а. Асем Шакирова азаматтар қабылдауына қатысты.

Құқық қорғау орталығы жергілікті атқарушы органдар мен прокуратураның бастамасымен ашылды.

Орталықты басты мақсаты – шағымдарды жедел қарау және шешу, азаматтардың құқық қорғау мен мемлекеттік органдарына сенім деңгейін  көтеру, әкімшілік шектеулерді болдырмау болып табылады.

Қабылдау кезінде павлодарлықтарды  жеке тұлғадан өнімді сату кезінде салық салынбайтын соммадан жоғары жеке табыс салығын есептеу, сонымен қатар автокөлік құралына берешегі бола тұра ЖК жабу, мүлік салығын есептеу сияқты сұрақтары қызықтырды.

Осы іспеттес азаматтарды қабылдаулар  ай сайын, бірінші бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ке дейін Торайғыров к., 75 Орталықтың ғимаратында өткізілетін болады.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы