Date of publication: 12.03.2020 12:13
Date of changing: 12.03.2020 15:18

Арнаулы салық режимдерін (патент негізінде, оңайлатылған декларация негізінде, тіркелген шегерімді пайдаланумен, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, сондай – ақ, шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін) қолданатын және микро және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып танылатын тұлғалар 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 57-4-бабының ережелеріне сәйкес, 2020 жылдың 01 қаңтарынан 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығында алынған табыстарға салынатын салықтан босату бойынша ережелерді қолдануға құқылы (бұдан әрі – босату).

  Босату деп КТС/ ЖТС (төлем көзінен ұсталатыннан басқа); оңайлатылған декларацияда есептелген әлеуметтік салық сомасын; бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайту деп тұспалданады.

Анықтама үшін: ҚР  Кәсіпкерлік кодексінің 24 бабына сәйкес:

Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 100 адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі айлық есептік көрсеткіштің 300 мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 15 адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі айлық есептік көрсеткіштің 30 мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Босату бойынша ережелер:

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;

2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

4) лотерея өткізуді;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;

7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

8) аудиторлық қызметті;

9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;

10) кредиттік бюролардың қызметін;

11) күзет қызметін;

12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;

13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;

14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;

15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;

16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

Заңның 57-4 бабын қолдану мақсатында, СЭҚ-ті жүзеге асыратын тұлғалармен, үшінші елдердің аумағына/аумағынан тауарлар әкелуімен / апаруымен айналысатын, яғни Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттері болып табылмайтын  салық төлеушілері қарастырылатыны  атап өткен жөн (Армения Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларус Республикасы және  Қырғыз Республикасы).

Сондай-ақ, тиісті салықтар сомасын 100%-ға азайту бойынша жоғарыда көрсетілген ережелерді қолдануына қарамастан, салық есептілігін беруден, онда алынған кірістерді  көрсетуден (алуға жататын)және  бақылау-қассалық машинаны қолданудан босатылмайды.

Бұдан басқа, салық төлеуден босату бойынша жоғары айтылған ережелері үшін 2019 жылдың желтоқсанында немесе ағымдық жылда 2020 жылға патент құқын есептеуін ұсынған, осындай есептеуінде жеке табыс салығын есептеген және оларды төлеген  салық төлеушілері есептелген ЖТС сомалардың тиісті азаюымен қосымша патент құқын есептеуін тапсыруға құқылы.