Date of publication: 12.03.2020 15:38
Date of changing: 12.03.2020 15:39

«Тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлар тізбесі және тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы» қағидалары  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген.

Тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарды

ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлар тізбесі

 

р/р

Тауардың атауы

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні

1.

Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын

2020 жылғы

1 қаңтар

2.

Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті мен алкоголь өнімі

2020 жылғы

1 сәуір

3.

Өндірілуі мен айналымы "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері

2020 жылғы

1 сәуір

4.

Өндірілуі мен айналымы "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін темекі өнімдері

2020 жылғы

1 сәуір

5.

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады.

2020 жылғы

1 сәуір

6.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар

2020 жылғы

1 сәуір

7.

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар

2020 жылғы

1 сәуір

8.

Халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарлар

2020 жылғы

1 сәуір