Date of publication: 13.03.2020 09:34
Date of changing: 13.03.2020 09:39

Бірлескен бұйрықтың ережесіне сәйкес, техникалық реттеу бөлігінде техникалық регалементтер талаптарына сәйкестікті,техникалық реттеу бөлігіндегі тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер ЕАЭО туралы шартқа және (немесе) ҚР заңнамасына сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін расталатын, тауарларды ішкі тұтыну үшін шартты түрде шығару кедендік рәсімінен өтуге орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте шартты түрде шығаруға тауарларды орналастырған жағдайда, декларант жоғарыда көрсетілген мерзімде шартты түрде шығарылған тауарларға сәйкестігін растау туралы құжатты ұсынуқажет.

Алайда, шартты түрде шығарылған тауарларға сәйкестігін растау туралы құжатты ұсыну мерзімі бұзылған жағдайда, декларант әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 538-бабы  және 553- бабатарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.  2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 300 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, өзгерістер енгізілуіне байланысты СЭҚ қатысушысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарламаны (538 және 553 баптары бойынша) 10 күн тәлік ішінде 50 пайыз мөлшерінде төлеуге құқылы екендігін хабаралаймыз.

Сонымен қатар, декларант №500 бірлескен бұйрықтың ережесіне сәйкес, шартты түрде шығарылған тауарлар бойынша 60 күнтізбелік күн ішінде   мемлекеттік кірістер органына сәйкестікті растау туралы құжаттарының ұсыну мерзімін  ұзарту туралы  сәйкестік сертификаттарын беретін мекемесінің  хатта не себепті және қанша күн қажет екендігі туралы мәліметтер көрсетілген хаттарын ұсынуға құқылы.

Бұл ретте, 2019 жылдың 19 қарашасынан бастап «Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына өзгерістер енгізілген болатын.

Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесіне (азық түлік, құрылыс материалдары, медициналық бинттер, жеңіл автомобильдер, седельный тягачтар және жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары және т.б. жатады).

Осыған байланысты, СӘҚ қатысушысы немесе декларант шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлар бойынша сәйкестікті растау туралы құжаттарды рәсімделу барысында ұсыну қажет немесе уақытша сақтау қоймасына тауарларын орналастыруға құқылы екендігін мәлімдейміз.