Date of publication: 13.03.2020 12:25
Date of changing: 13.03.2020 13:02

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті (бұдан әрі - Департамент) қызметкерлері медициналық бетперделердің өткізілуінің жолын кесті. 

Департаменттің экспорттық бақылау қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қызметкерлерімен бірге «Щарбақты» өткізу пунктінде медициналық бетперделердің шығарудың 4 жолын кесті. Сонымен қатар, «Қосақ» өткізу пунктінде 150 мың медициналық бетперделердің өткізілуінің жолы кесілді.  

Монғолия азаматтары өз еліне іліспе жүк құжаттарынсыз, басқа да рұқсатнама құжатсыз 8 мыңнан астам медициналық бетперделерді шығармақ болған. Олар аталмыш заттарды қайда алғанын және қандай мақсатпен әкетпек болғандарын түсіндіре алмады. «Қосақ» өткізу пунктінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, медициналық бетперделерді Новосібір облысының Купино қаласына апармақшы болған. Ілеспе жүк құжаттарына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны  оларды Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рамстор» сауда үйінен сатып алған. Заңнамамен, осы іспеттес тауарларды тәркілеп алу  немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделмеген, сондықтар медициналық бетперделер иелеріне қайтарылды, - деді кедендік одақ бөлімінің басшысы Николай Ермошин.  

Естеріңізге саламыз, Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің  2020 жылғы 29 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустік инфекциясының таралмауы мен оны болдырмау іс-шаралары туралы», сонымен қатар Қытай және басқа елдерде (2019-nСоv) коронавирустік инфекцияның жаңа түрінің таралуына байланысты, инфекцияны мен төтенше жағдайды болдырмау, қоғамдық денсаулықты сақтау мақсатында, жеке қорғануға арналған кейбір медициналық заттарды шығаруға тыйым салынған.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы